“Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!” атты балаларға арналған дәстүрлі Президент шыршасы биылғы жылы онлайн түрде өтті.

“Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!” атты балаларға арналған дәстүрлі Президент шыршасы биылғы жылы онлайн түрде өтті. Президент шыршасына ауданымыздың жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы отбасыларының 9 баласына эпидемиялық ахуалға байланысты мектеп директорлары Президент құттықтауын оқып, сыйлықтары табыстады. Бүлдіршіндердің көңілдері көтеріліп, жүздеріне қуаныш ұялады.