Халыққа арналған тазартылған алтын құймалардың айырбастау пунктері арқылы сату туралы

Халыққа арналған тазартылған алтын құймалардың айырбастау

пунктері арқылы сату туралы

 

2017 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тұрғындар үшін тазартылған алтынның қалыпты құймасын сату және сатып алу бойынша Бағдарламаны іске қосты. Оның негізгі қатысушылары «Қазақстан Халық Банкі» АҚ», «Еуразиялық Банк» АҚ сынды екінші деңгейлі банктер болатын.

Тазартылған алтын құймасы қалыпты құймада сертификатталған, тазартылған инвестициялық алтын болып табылады. Ол 2017 жылдан бергі уақытта Ұлттық Банк шығарған «Қалыпты алтын құймасы. Техникалық шарттар» Қазақстан Республикасының 2049-2010 ҚР СТ ұлттық стандартына сәйкес. Әр құйма қорғаныш элементтерімен жабдықталған. Бұл дегеніңіз – құйманың айналық беті, микромәтін, бедерлі қыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құймаларды механикалық зақымдалудан сақтайтын әрі қаптаманың ашылып не ашылмағанын оңай тексеруге мүмкіндік беретін арнайы қаптамамен шығарады.

2018 жылдың желтоқсан айынан бастап тазартылған алтынның құймасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің шетел валютасын қолма-қол айырбастау операцияларын жүргізуге рұқсат етілген лицензиясы бар айырбастау пунктеріне (әрі қарай – уәкілетті ұйымдар) шығарылды.

Аталған ұйымдардың құймалардағы аффинирленген алтынмен жұмыс істеу (операция) тәртібі «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 04 cәуірдегі  № 49 қаулысында көзделген.

Уәкілетті ұйым құймалардағы аффинирленген алтынмен толықтыру жеке тұлғалардан құймалардағы аффинирленген алтынды сатып алу операциялары есебінен, сонымен қатар Ұлттық Банктен тиісті сатып алу-сату шартының негізінде жүзеге асырылады.

Уәкілетті ұйым осындай құймаларды сатып алу және (немесе) сату құны бар мәліметтерді клиенттерге көруге ыңғайлы жердегі ақпараттық стендте орналастырады. Уәкілетті ұйым басшысының өкіміне сәйкес, өлшеуіш құймалардағы аффинирленген алтынның құнын уәкілетті ұйым өзі дербес бекітеді.

Уәкілетті ұйымның құймалардағы аффинирленген алтынның түрлері бойынша шектеулер белгілеуіне, сондай-ақ айырбастау пунктінде мұндай құймаларды сатып алу және (немесе) сату операцияларын жүргізу үшін қажетті сомада қолма-қол ұлттық валюта болған кезде жеке тұлғаларға мұндай операцияны жүргізуден бас тартуға жол берілмейді.

Уәкілетті ұйымдарға арнайы қаптамасы ашылған, сондай-ақ арнайы қаптамасы жоқ құймалардағы аффинирленген алтынды сатуға жол берілмейді. Арнайы қаптамасы ашылған, сондай-ақ арнайы қаптамасы жоқ құймалардағы аффинирленген алтынды қабылдауды Ұлттық Банкпен оларды сатып алуға шарттық қатынастары бар уәкілетті ұйымдар жүзеге асырады. Бұл ретте арнайы қаптамасы ашылған және арнайы қаптамасы жоқ құймалардағы аффинирленген алтын қабылданған жағдайда уәкілетті ұйымдар жеке тұлғаны мұндай алтынды сатып алу мақсатында Ұлттық Банкке оны жібергені үшін комиссиялық сыйақы алатыны туралы хабардар етеді. Комиссиялық сыйақыны дербес белгілейді, бірақ құймалардағы аффинирленген алтынның номиналды құнының 10 (он) пайызынан аспауы тиіс.

Қазіргі таңда,  Жамбыл облысында өлшеуіш құймалардағы аффинирленген алтынды сату мен сатып алу операцияларын Тараз қаласы, Абай даңғылы 147/2 және Төле би көшесі 14 үй мекен-жайларында орналасқан бір ғана уәкілетті ұйым  «BM Exchange» ЖШС жүзеге асырады.

 

 

 

ҚР Ұлттық Банкі

Жамбыл филиалының

бас маман бақылаушысы

Эминов Али