«Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің өзгерістер

мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт  министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі

№ 139 бұйрығына

7-қосымша

 

 

«Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне

«мамандандырылған» деген мәртебе беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімі:

1) құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;

2) құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;

3) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы шешімнің көшірмесі (бұдан әрі – бұйрық жобасы) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;

2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығын қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» күту тәртібімен көрсетіледі немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшiн Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

спорт мектептеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

1) спорт мектебі басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

2) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

3) спорт мектебінің мөрі қойылып, спорт мектебі басшысы қол қойған спорт мектептеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы қолдаухат;

4) спорт мектебінің оқушылары спортпен шұғылданатын спорт мектебімен жасасқан спорттық объектіні (үй-жайды) жалға алу шартының көшірмесі;

5) спорт мектебінің және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық ұйымдар арасында спорт мектебі оқушыларының медициналық тексеруден тұрақты өтуі туралы жасасқан қолданыстағы шарттың көшірмесі;

6) оқытушы-жаттықтырушылық құрам санын көрсете отырып, спорт мектебінің штаттық саны туралы, спортшылар мен жаттықтырушы-оқушылардың тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), растайтын құжаттарды қоса бере отырып, спорттық атақтарын, спорттық нәтижелерін көрсете отырып, олардың құрамы туралы анықтама;

7) спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы бұйрықтардың көшірмелері.

Спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

1) спорт мектебі басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт мектебінің өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

2) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

3) спорт мектебінің мөрі қойылып, спорт мектебі басшысы қол қойған спорт мектебінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы қолдаухат;

4) спорт түрлері бойынша бөлімшелердің оқушылары спортпен шұғылданатын спорт мектебімен жасасқан спорттық объектіні (үй-жайды) жалға алу шартының көшірмесі;

5) спорт мектебінің және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері немесе басқа да медициналық мекемелер арасында спорт түрлері бойынша бөлімшелер оқушыларының медициналық тексеруден тұрақты өтуі туралы жасасқан қолданыстағы шарттың көшірмесі;

6) көрсетілетін қызметті берушінің келісуі бойынша спорт мектебінің директоры бекіткен спортпен шұғылданатын адамдардың тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) және спорттық атақтарын көрсете отырып, спорттық жетілдіру топтарының тізімдері;

7) оқытушы-жаттықтырушылық құрам санын көрсете отырып, спорт мектебінің штаттық саны туралы, спортшылар мен жаттықтырушы-оқушылардың тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), растайтын құжаттарды қоса бере отырып, спорттық атақтарын, спорттық нәтижелерін көрсете отырып, олардың құрамы туралы анықтама.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырылатын, заңды тұлғаның мемлекеттік есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, спорт мектебіне жататын спорттық объектіге (үй-жайға) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.

Құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қабылдаған кезде құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат береді.

Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкілі) жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін бір ай бойы өзінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілген қызметті берушіге беру үшін дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде            № 11642 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 209 бұйрығымен бекітілген Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру қағидаларының 5, 6, 9, 10-тармақтарында белгіленген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің сәйкес келмеуі.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

 

 

3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша

көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

  1. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлердің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы басшысына жолданады.

Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайларда, жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның кеңсесі арқылы қолма-қол немесе бейнеөтініш түрінде Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні) болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушыға өзі келген жағдайда немесе бейнеөтініш арқылы жүгінгенде кіріс құжатты қабылдау күні мен уақыты және нөмірі көрсетілген, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген талон беріледі.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған жағдайда), пошталық мекенжайы және қолы;

2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы беріледі.

Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның не Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына түскен шағымы тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органның, Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол не портал арқылы беріледі.

Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны немесе портал арқылы алуға болады.

Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

 

 

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін есепке ала отырып, өзге де талаптар

 

  1. Ағзаның тіршілігік әрекетін шектейтін тұрақты функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуді Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефонына жүгіну арқылы көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
  4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы не Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы анықтамалық қызметтен алуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

Нысан

 

Кiмге ______________________________

(дене шынықтыру және спорт саласындағы

____________________________________ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, __________________________________________

астананың жергілікті атқарушы органның __________________________________________

басшысының лауазымы, аты, әкесінің аты, тегi __________________________________________

(болған жағдайда)

Кiмнен ____________________________

(спорт мектебінің басшысының немесе уәкілетті ___________________________________

өкiлiнiң тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

____________________________________ мекенжайы, телефоны, электронды поштасы

 

 

ӨТIНIШ

Сiзді ________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________ сұраймын.

 

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 болып тіркелген «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісем беремін.

___________ _____________________________________
(қолы)                (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

20__ жылғы «___» ____________

Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы «___» _____________

______________________________________________________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

«Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

Нысан

__________________________________________

(Көрсетілетін қызметті алушының

__________________________________________

тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

__________________________________________

не ұйымының атауы)

__________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

 

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» құжаттарын қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1)_______________________________;

2)_______________________________;

3)….

ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

 

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:_________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

Орындаушы: ___________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

Телефон ____________________

Алдым: _______________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

20__ жылғы «___» _________