«Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің

өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін

кейбір бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі

№ 139 бұйрығына

8-қосымша

 

 

«Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы

төлемдерін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімі:

1) құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;

2) құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;

3) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу туралы хабардар ету (бұдан әрі – төлеу туралы хабардар ету) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;

2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығын қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» күту тәртібімен көрсетіледі немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

2) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

3) тиісті халықаралық спорттық жарыстарға қатысқанын растайтын құжат;

4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спорттық медицина және оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны берген халықаралық спорт жарыстарында жарақат алу және мертігу бойынша диагнозды көрсете отырып, медициналық қорытынды;

5) спорттық жарақат алған және мертіккен адамды емдеуге және оңалтуға шығын құнын растайтын құжат;

6) есеп шотының бар болуы туралы анықтама.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырылатын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.

Құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қабылдаған кезде құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат береді.

Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкілі) жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін бір ай бойы өзінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілген қызметті алушыға беру үшін дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9672 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 292 бұйрығымен бекітілген Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезіндегі өтемақы төлемдерін беру қағидаларының 2 және 5-тармақтарында белгіленген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің сәйкес келмеуі.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

 

 

3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

  1. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлердің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 15 кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша Министрліктің басшысына жолданады, байланыс телефондары: 8 (7172) 740429, 740454.

Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайларда, жазбаша нысанда пошта не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе бейнеөтініш түрінде Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні). Көрсетілетін қызметті алушыға өзі келген жағдайда немесе бейнеөтініш арқылы жүгінгенде кіріс құжатты қабылдау күні мен уақыты және нөмірі көрсетілген, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген талон беріледі.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған жағдайда), пошталық мекенжайы және қолы;

2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация филиалы, бөлімі басшысының атына www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы беріледі.

Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің, Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол немесе портал арқылы беріледі.

Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

 

 

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін есепке ала отырып, өзге де талаптар

 

  1. Ағзаның тіршілігік әрекетін шектейтін тұрақты функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуді Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефонына жүгіну арқылы көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
  4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 741100, 741394 телефондары арқылы не Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы анықтамалық қызметтен алуға болады.

 

 

 

«Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

 

 

Нысан

 

 

Кiмге ______________________________

(дене шынықтыру және спорт саласындағы

____________________________________ уәкілетті органның басшысының лауазымы, __________________________________________

аты,әкесінің аты, тегi (болған жағдайда)

Кiмнен ____________________________

(көрсетілетін қызметті алушының немесе ___________________________________

уәкілетті өкiлiнiң тегi, аты, әкесінің аты

____________________________________ (болған жағдайда) мекенжайы, телефоны

 

 

Өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін

ӨТIНIШ

Сiзден ________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________ сұраймын.

 

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 болып тіркелген «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісем беремін.

___________ _____________________________________
(қолы)                (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

20__ жылғы «___» ____________

 

Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы «___» _____________

______________________________________________________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

Нысан

 

__________________________________________

(Көрсетілетін қызметті алушының

__________________________________________

тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

__________________________________________

не ұйымының атауы)

__________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

 

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» құжаттарын қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1)_______________________________;

2)_______________________________;

3)….

ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

 

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:_________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

Орындаушы: ___________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

Телефон ____________________

 

Алдым: _______________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

20__ жылғы «___» _________