«Спорт түрлерін, спорт салаларын тану» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің

өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін

кейбір бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі

№ 139 бұйрығына

10-қосымша

 

«Спорт түрлерін, спорт салаларын тану»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Спорт түрлерін, спорт салаларын тану» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімі:

1) құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн ішінде;

2) құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушіде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт түрлерін, спорт салаларын тану туралы бұйрық жобасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

  1. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшiн жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

1) спорт федерациясы басшысының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) спорт федерациясының өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

2) өтініш еркін түрде;

3) Халықаралық спорт федерацияларының қысқаша сипаты, ашылған уақыты және жері, өткiзiлген жарыстар саны, Қазақстан Республикасында шұғылданушыларды қамту, адамның дене және интеллектуалдық қабілеттерін дамытудағы, оның қозғалыс белсенділігін жетілдіру және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлін қамтыған Қазақстан Республикасында және әлемде аталған спорт түрiнiң дамуы туралы ақпарат;

4) спорттық мүкәммалдарды (қорғаныс құралдарын есепке алмағанда) және жабдықтарды (бар болса) қолданудың қысқаша сипаты қамтылған, өтінім берілген спорт түрін, спорт саласын оқытудың әдістемесі және бағдарламасы;

5) жарыс процесін спортшылардың қатысуын көрсететін спорттық жарыс барысының бейне (фото) материалдары;

6) өтінім берілген спорт түрінің, спорт саласының жарыс қағидаларының жобасы немесе тиісті халықаралық спорт федерациясының спорт түрінің, спорт саласының жарыс қағидаларының көшірмесі.

Құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдауды растау болып табылады.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде           № 9912 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларының -тармақтарында белгіленген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің сәйкес келмеуі.

 

 

3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

  1. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 15 кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша Министрліктің басшысына жолданады, байланыс телефондары: 8 (7172) 740429, 740454.

Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайларда, жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе бейнеөтініш түрінде Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы беріледі.

Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні). Көрсетілетін қызметті алушыға өзі келген жағдайда немесе бейнеөтініш арқылы жүгінгенде кіріс құжатты қабылдау күні мен уақыты және нөмірі көрсетілген, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген талон беріледі.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған жағдайда), пошталық мекенжайы және қолы;

2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің Министрліктің мекенжайына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол немесе портал арқылы беріледі.

Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

 

 

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ерекшеліктерін

есепке ала отырып, өзге де талаптар

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
  3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 741264, 741161 телефондары арқылы не Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
6-қосымша

 

 

Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру қағидаларына

қосымша

 

Нысан

 

Кiмге ______________________________

(дене шынықтыру және спорт саласындағы

____________________________________ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, __________________________________________

астананың жергілікті атқарушы органның __________________________________________

басшысының лауазымы, аты, әкесінің аты, тегi __________________________________________

(болған жағдайда)

Кiмнен ____________________________

(спорт мектебінің басшысының немесе уәкілетті

___________________________________

өкiлiнiң тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

____________________________________ мекенжайы, телефоны

 

 

ӨТIНIШ

Сiзді ________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________ сұраймын.

___________ _____________________________________
(қолы)                (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

20__ жылғы «___» ____________

Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы «___» _____________

______________________________________________________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)