Талдамалық анықтама. 2017 жыл

Талдамалық анықтама

        

І. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

Жуалы ауданы әкімдігі бойынша 2017 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны барлығы –129481.

Оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –11258 (8,7%);
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны –  12054 (9,3%);
  • электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 95516 (73,7%);
  • мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 9150 (7,1%);
  • электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Е-Лицензиялау» веб порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1503 (1,2%).

 

ІІ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралары туралы

  1. 2017 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын арттыу бойынша жүргізілген іс-шаралар – 64 (2017 жылы 85 іс-шара)

Оның шінде:

  • Аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» газетінің нөміріне 14 – мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мақалалар жарияланды
  • Аудан әкімі аппараты және бөлімдерінің қызметкерлері көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы жалпылама түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізілді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын аттыру бойынша түсіндірме іс-шараға қатысқан халық саны – 2832.

ІІІ. Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы

  1. Жуалы ауданы әкімі аппараты тарапынан ішкі бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес 2017 жылы 16 іс-шара жоспарға сәйкес жүргізілді.