Талдамалық анықтама. 2018 жыл.

 

 

Талдамалық анықтама

        

І. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

Жуалы ауданы әкімдігі бойынша 2018 жылдың 12 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны барлығы – 129629 (оның ішінде заңды тұлға -338). (2017 жылдың  12 ай- 129481).

Оның ішінде:

көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 6771 (5,2%)(2017 жылдың 12 ай- 11258 (8,7%));

  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 11741 (9,1%)(2017 жылдың 12 ай- 12054 (9,3%));
  • электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 101113 (78,0%) (2017 жылдың 12 ай- 95516 (73,7%));
  • мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 8590 (6,6%)(2017 жылдың 12 ай- 9150 (7,1%));
  • электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Е-Лицензиялау» веб порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1414  (1,1%)(2017 жылдың12 ай- 1503 (1,2%)).

2018 жылдың қараша айында «құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» қызметі бойынша («е-лицензиялау» бағдарламасы) 1 мерзім бұзып көрсетілген. (2017 жылдың 12 айы – 1 );

 

ІІ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралары туралы

  1. 2018 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын арттыу бойынша жүргізілген іс-шарлар – 133 (2017 жылдың 12 ай -85).

Аудан әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсетуші бөлімдер мен ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлері көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы жалпылама түсіндіру және электрондық нысанда қызмет алу бойынша түсіндірме іс-шараға қатысқан халық саны – 5263 (2017 жылдың 12 ай- 2832).

Аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» газетінің нөмеріне  18 – мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мақалалар жарияланды. (2017 жылдың 12 ай-14);

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 15.02.2018жылғы № 2-4/448 хаттына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» аудандық филиалымен бірлесіп                   2018 жылдың 12 айында 66 іс-шара өткізіліп, іс-шараға қатысқан халық                саны – 3436.

2018 жылдың 19 наурызында өткен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде Агенттік төрағасының тапсырмасына сәйкес, ауылдық деңгейде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді элкектронды түрде қызмет алуды дамыту мақсатында (ашық есік күндері, дөңгелекүстелер, семинар-тренингтар т.с.с іс-шаралар жүргізіліп аудандық газет беттеріне жарияланды.(12 іс-шара))

2018 жылдың 12 айында Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі,  Боралдай ауылдық округі, Б.Момышұлы ауылы, Ақтөбе ауылдық округі, Қарасаз ауылдық округітерінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.

Аталған  Жәрмеңке көршілес жатқан ауылдық округтердің тұрғындарда қатысып, жалпы саны 1450-ге астық азаматтар қатысты.

Аталған жәрмеңкелерде қызмет алушыларға аудандық мемлекеттік қызмет көрсетуші 15 мекеме қызмет көрсетті. Сонымен қатар, қызмет алушыларды қызушылығын арттыру мақсатында концерттік бағдарлама, ыдыстар, бүктемелер таратылды.

ІІІ. Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы

  1. 2018 жылдың 12 айында Жуалы ауданы әкімі аппараты тарапынан ішкі бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес 19 іс-шаралар жүргізілді.

Бақылау іс-шараларын жүргізу барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылу фактілері анықталмады. Іс-шаралар қортындысы бойынша ішінара кемшіліктер анықталған. Кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар әзірленіп, 19 нысан ұсыныстар бойынша жауап берілді. Бақылау іс-шаралары бойынша 8 ескерту түріндегі тәртіптік шара қолданылды.