Талдамалық анықтама. 2018 жылғы 9 ай.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына

1-қосымша

Нысан

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі

бақылау бойынша орталық мемлекеттік органның

жұмысы туралы есеп

Есептік кезең 2018  жылғы  І жартыжылдық

Индекс:                                               1-мқ

 

Кезеңділігі:                                        тоқсан сайын

 

Ұсынатын тұлғалардың тобы:            Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты

 

Нысан қайда ұсынылады:              Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті

 

Тапсыру мерзімі:                              тоқсанда бір рет, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-ыншы күнінен кешіктірмей

 

Талдамалық анықтама

        

І. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

Жуалы ауданы әкімдігі бойынша 2018 жылдың 9 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны барлығы – 94124. (2017 жылдың  9 ай- 75257).

Оның ішінде:

көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 6003 (6,4%)(2017 жылдың 9 ай- 10350(13,8%));

  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 11037 (11,7%)(2017 жылдың 9 ай- 9952(13,2%));
  • электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 70544 (74,9%) (2017 жылдың 9 ай- 46484 (61,8%));
  • мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 5561 (6,0%)(2017 жылдың 9 ай- 7387 (9,8%));
  • электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Е-Лицензиялау» веб порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 979  (1%)(2017 жылдың 9 ай- 1084 (1,4%)).

2018 жылдың 9 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты шағым тіркелген жоқ және мемлекеттік кызмет көрсетудің мерзімін бұзу орыналған жоқ.  (2017 жылдың 9 айы – 1 );

 

ІІ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралары туралы

  1. 2018 жылдың 9 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын арттыу бойынша жүргізілген іс-шарлар – 101 (2017 жылдың 9 ай -21).

Аудан әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсетуші бөлімдер мен ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлері көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы жалпылама түсіндіру және электрондық нысанда қызмет алу бойынша түсіндірме іс-шараға қатысқан халық саны – 3469 (2017 жылдың 9 ай- 173).

Аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» газетінің нөмеріне  14 – мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мақалалар жарияланды. (2017 жылдың 9 ай-3);

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 15.02.2018жылғы № 2-4/448 хаттына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы» аудандық филиалымен бірлесіп                   2018 жылдың 9 айында 59 іс-шара өткізіліп, іс-шараға қатысқан халық                саны – 3071.

2018 жылдың 19 наурызында өткен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде Агенттік төрағасының тапсырмасына сәйкес, ауылдық деңгейде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді элкектронды түрде қызмет алуды дамыту мақсатында (ашық есік күндері, дөңгелекүстелер, семинар-тренингтар т.с.с іс-шаралар жүргізіліп аудандық газет беттеріне жарияланды.(12 іс-шара))

2018 жылдың 9 айында Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі,  Боралдай ауылдық округі және Б.Момышұлы ауылдарында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.

Аталған  Жәрмеңке көршілес жатқан ауылдық округтердің тұрғындарда қатысып, жалпы саны 1200-ге жуық азаматтар қатысты

Аталған жәрмеңкелерде қызмет алушыларға аудандық мемлекеттік қызмет көрсетуші 15 мекеме қызмет көрсетті. Сонымен қатар, қызмет алушыларды қызушылығын арттыру мақсатында концерттік бағдарлама, ыдыстар, бүктемелер таратылды.

ІІІ. Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы

  1. 2018 жылдың 9 айында Жуалы ауданы әкімі аппараты тарапынан ішкі бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес 15 іс-шаралар жүргізілді.

Бақылау іс-шараларын жүргізу барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылу фактілері анықталмады. Іс-шаралар қортындысы бойынша ішінара кемшіліктер анықталған. Кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар әзірленіп, 15 нысан ұсыныстар бойынша жауап берілді. Бақылау іс-шаралары бойынша 6 ескерту түріндегі тәртіптік шара қолданылды.