Талдамалық анықтама 2019 жыл.

Жуалы ауданы әкімдігі бойынша көрсетілген

мемлекеттік қызметтер туралы

 

 

Жуалы ауданы әкімдігі бойынша 2019 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны барлығы – 116065 (о.і заңды тұлға – 524) (2018 жылы -129629);

Оның ішінде:

көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 6114 (5,3%) (2018 жылдың 12 айы 6771 (5,2%));

  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 5014 (4,3%) (2018 жылдың 12 айы 11741 (9,1%));
  • электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 98264 (84,6%) (2018 жылдың 12 айы 101113 (78,0%));  
  • мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 5438 (4,7%)(2018 жылдың 12 айы 8590 (6,6%));
  • электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Е-Лицензиялау» веб порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1235  (1,1%)(2018 жылдың 12 айы 1414 (1,1%)).

2019 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты шағым тіркелген жоқ. Мемлекеттік кызмет көрсетудің мерзімін бұзу 1 факт (сәуір айы) орыналады. «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» қызметі бойынша мезімінде орындамағаны үшін жауапты маманға (Т.Қалдыбаев) «ескерту» түріндегі тәріптік шара қолданылды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралары туралы

  1. 2019 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын арттыу бойынша жүргізілген іс-шарлар – 163 (2018 жылдың 12 айы – 133).

Аудан әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсетуші бөлімдер мен ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлері көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы жалпылама түсіндіру және электрондық нысанда қызмет алу бойынша түсіндірме іс-шараға қатысқан халық саны – 8074 (2018 жылдың 12 айы – 5263).

Аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» және «Жуалы»  газетінің нөмеріне     20 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мақалалар жарияланды. (2018 ж– 18).

2019 жылдың 12 айында Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы, Күреңбел,  Нұрлыкент, Көкбастау, Шақпақ, Мыңбұлақ ауылдық округтерінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.

Аталған  Жәрмеңке көршілес жатқан ауылдық округтердің тұрғындарда қатысып, жалпы саны 2100-ден астам азаматтар қатысты. (2018 жылы -1450) Қызмет алушыларға аудандық мемлекеттік қызмет көрсетуші 15 мекеме қызмет көрсетті. Сонымен қатар, қызмет алушыларды қызушылығын арттыру мақсатында концерттік бағдарлама, ыдыстар, бүктемелер таратылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ тарапынан, электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді аудан тұрғындары арасында кеңінен түсіндіру мақсатында                      14 ауылдық округте 17 билборд орнатылған. (2018 жылы – 3)

Мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттырғандар саны – 32

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің №2-4/2592 хатына сәйкес, Үкіметтің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 726 Қаулысына сәйкес, «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ағымдағы жылы 1 қарашадан бастап қолданыстан алынғандығы байланысты 45 іс шара өткізіліп, 1791 тұрғындар қамтылды.

Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы

  1. 2019 жылдың 12 айында Жуалы ауданы әкімі аппараты тарапынан ішкі бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес 20 іс-шаралар жүргізілді.

Бақылау іс-шараларын жүргізу барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылу фактілері анықталмады. Іс-шаралар қортындысы бойынша ішінара кемшіліктер анықталған. Кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар әзірленіп, 20 нысан ұсыныстар бойынша жауап берілді. Бақылау іс-шаралары бойынша 13 ескерту (о.і 3-мемлекеттік қызметші, 10- ведомствоға бағынысты ұйымдар қызметшілері) түріндегі, 2-сөгіс (ведомствоға бағынысты ұйымдар қызметшілері) түріндегі тәртіптік шара қолданылды.