Талдамалық анықтама ІІ тоқсан 2019 жыл

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына

1-қосымша

Нысан

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі

бақылау бойынша орталық мемлекеттік органның

жұмысы туралы есеп

 

 

Есептік кезең 2019 жыл ІІ тоқсан

 

Индекс:                                               1-мқ

 

Кезеңділігі:                                        тоқсан сайын

 

Ұсынатын тұлғалардың тобы:            Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің аппараты

 

Нысан қайда ұсынылады:              Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті

 

Тапсыру мерзімі:                              тоқсанда бір рет, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-ыншы күнінен кешіктірмей

 

Талдамалық анықтама

        

І. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

Жуалы ауданы әкімдігі бойынша 2019 жылдың ІІ тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны барлығы – 28174 (оның ішінде заңды тұлға -99).

Оның ішінде:

көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2231 (7,9%);

  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 852 (3,0%);
  • электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 23357 (82,9%);
  • мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1401 (5,0%);
  • электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Е-Лицензиялау» веб порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 333  (1,2%).

2019 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты шағым тіркелген жоқ. Мемлекеттік кызмет көрсетудің мерзімін бұзу 1 факт (сәуір айы) орыналады. «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» қызметі бойынша мезімінде орындамағаны үшін жауапты маманға (Т.Қалдыбаев) «ескерту» түріндегі тәріптік шара қолданылды.

 

ІІ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралары туралы

  1. 2019 жылдың ІІ тоқсанында да мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын арттыу бойынша жүргізілген іс-шарлар – 35

Аудан әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсетуші бөлімдер мен ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлері көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы жалпылама түсіндіру және электрондық нысанда қызмет алу бойынша түсіндірме іс-шараға қатысқан халық саны – 2083

Оның ішінде: Аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» газетінің нөмеріне  3 – мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мақалалар жарияланды.

2019 жылдың ІІ тоқсанында айында Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі,  Нұрлыкент ауылдық округітерінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.

Аталған  Жәрмеңке көршілес жатқан ауылдық округтердің тұрғындарда қатысып, жалпы саны 500-ден астам азаматтар қатысты.

Аталған жәрмеңкелерде қызмет алушыларға аудандық мемлекеттік қызмет көрсетуші 15 мекеме қызмет көрсетті. Сонымен қатар, қызмет алушыларды қызушылығын арттыру мақсатында концерттік бағдарлама, ыдыстар, бүктемелер таратылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ тарапынан, электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді аудан тұрғындары арасында кеңінен түсіндіру мақсатында                      14 ауылдық округте 17 билборд орнатылған.

 

ІІІ. Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы

  1. 2019 жылдың ІІ тосқсанда Жуалы ауданы әкімі аппараты тарапынан ішкі бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес 5 іс-шаралар жүргізілді.

Бақылау іс-шараларын жүргізу барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылу фактілері анықталмады. Іс-шаралар қортындысы бойынша ішінара кемшіліктер анықталған. Кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар әзірленіп, 5 нысан ұсыныстар бойынша жауап берілді. Бақылау іс-шаралары бойынша 3 ескерту түріндегі, 1-сөгіс түріндегі тәртіптік шара қолданылды.