Жуалы ауданы әкімдігі бойынша көрсетілген
мемлекеттік қызметтер туралы
Ауылдық округтермен және аудан әкімдігінің бөлімдерімен 2020 жылдың 9 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны барлығы – 35229 (о.і заңды тұлға – 284) (2019 жылдың 9 айы – 90653);
Оның ішінде:
– көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 6707 (19,04%) (2019 жылдың 9 айы 5752 (6,35%);
– электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Е-Лицензиялау» веб порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1338 (3,8%) (2019 жылдың 9 айы 948 (1,04%)
2020 жылдың 9 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты шағым тіркелген жоқ. Мемлекеттік кызмет көрсетудің мерзімін бұзу 1 факт (қаңтар айында ) орыналады. Сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі «Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметін мерзімінен кешіктіре отырып көрсеткен. Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін Бөлім басшысының м.а. 27.02.2020 ж. № 8 бұйрығымен «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. Сондай-ақ, Департаментпен Бөліміне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 26 510 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралар жосарына сәйкес:
Аудан әкімдігінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы жалпылама түсіндіру және электрондық нысанда қызмет алу бойынша түсіндірме іс-шараға қатысқан халық саны – 4369 (2019 жылдың 9 айы – 6152). (формальді түрде өткізілуде)
Аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» және «Жуалы» газетінің нөмеріне 17 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мақалалар жарияланды. (2019 жылдың 9 айында – 6).
Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы
Бақылау іс-шараларын жүргізу барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылу фактілері анықталмады. Іс-шаралар қортындысы бойынша ішінара кемшіліктер анықталған. Кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар әзірленіп, 12 нысан ұсыныстар бойынша жауап берілді. Бақылау іс-шаралары бойынша 6 ескерту (о.і 3-мемлекеттік қызметші, 3- ведомствоға бағынысты ұйымдар қызметшілері) түріндегі, тәртіптік шара қолданылды.
%).