Дипломмен ауылға!

Дипломмен ауылға!

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы             6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қағидаға сәйкес, ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға бюджет қаражаты есебінен «100 еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы» және «1 500 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит» түрiнде әлеуметтiк қолдау шаралары ұсынылады.

Жұмысшы орган: Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Мекен жайымыз: Б. Момышұлы ауылы, Е.Сауранбекұлы көшесі, №2 үй

Байланыс телефоны: 2-03-77, 2-04-84