«Электронды цифрлық қолтаңба – бүгінгі күнгі заман талабы»

«Электронды цифрлық қолтаңба – бүгінгі күнгі заман талабы»

 

Кешегі күні электронды түрде қолтаңба қою түгілі электронды мәтінді жазып, бір нүктеден екінші нүктеге жіберуді елестете алмайтын болсақ, қазір анықтаманы да, кезекті де үйде отырып-ақ тындыруға болады.  Ол аздай некеге де, балаңызды балабақшаға кезекке тұрғызу, жоғалған құжаттарыңызды қайта алу, үйге кезекке тұруды да электронды құжат арқылы жүзеге асыра алатын болдық. Ал бұл жұмыстардың бәріне алдымен электронды қолтаңба алу қажет.

«Электрондық сандық (цифрлық) қолтаңба» (ЭСҚ) дегеніміз — электрондық сандық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілі әрі мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық сандық нышандар терімі. Қолтаңбаны пайдалану өте оңай. Ол үшін ешқандай арнайы білім, дағдылар және құралдар талап етілмейді. Электрондық қолтаңба кілтінің мүмкіндіктеріне сүйене отырып, жеке немесе заңды тұлғалар мемлекеттік мекемелерден тиісті анықтамаларды ала алады. Мысалы, жылжымайтын мүлкіңіздің бары немесе жоқтығы туралы, мекен-жай анықтаманы, салымшының зейнетақы аударымдары туралы анықтама, сотталған немесе сотталмаған туралы анықтама алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып кезекте тұрмай-ақ үйіңізде отырып ала аласыз. Қазіргідей ақпараттың көп, ғаламтордың қарыштап дамыған кезінде осы шаруаларды үйіңізде отырып-ақ тындыру — уақытыңыз бен қаржыңызды үнемдеудің тиімді жолы.

 

Қызыларық ауылдық округі әкімінің аппараты.