Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі

Бүгін Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылы, «Қосбөлтек» ауылдық клубында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекен тұрғындарына әр сала бойынша мемлекеттік қызметтерді алу туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, «TelegramBot» (@EgovkzBot), «Мgov», «Digital Agent» мобильді қосымшасын жүктеп, мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуды түсіндірілді. Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы, білім, ветеринария, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімдері, АХАЖ, және аудандық әділет басқармасы, аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық орталық аурухана, аудандық ХҚКО, жұмыспен қамту орталығының мамандары ауылдық округ тұрғындарына кеңес берді.

Аталған іс-шара барысында әлеуметтік көмектер, құрылыс, салық, жұмыспен қамту бойынша қызметтер тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие болды.

Тұрғындардың іс-шараға қызығушылығын арттыру мақсатында шағын концерттік бағдарлама қойылып, ыдыс аяқтар, қаламсаптар және бүктемелер таратылды.