Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің және Жуалы ауданы әкімдігінің бастамасымен 2018 жылыдың 28 мамырында Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе (аудан орталығынан 23 шақырым) ауылында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.

Аталған іс-шараның басты мақсаты аудан орталығынан шалғай орнатылған елді мекен тұрғындарына Мемлекеттік қызметтерді ашық, қолжетімді, сапалы қызмет көрсету және әр сала бойынша тиісінше мәліметтер беру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Жәрмеңкеге Қызыларық ауылдық округі (округ тұрғын саны 2531) және көршілес жатқан Ақтөбе, Көкбастау, Нұрлыкент ауылдық округ тұрғындарда қатысып, күні бойы жалпы саны 400-ге жуық азаматтар қатысты. Қызмет алушыларға аудандық мемлекеттік қызмет көрсетуші 15 мекеме қызмет көрсетті.

Атап айтқанда, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы, білім, ветеринария,  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімдері, АХАЖ, және аудандық әділет  басқармасы, аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық ішкі істер бөлімінің көші-қон қызметі, аудандық орталық аурухана, аудандық ХҚКО, жұмыспен қамту орталағы, аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша бөлімі мамандары қызмет көрсетті.

Мемелекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі ауданда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жәрмеңке барысында қызмет алушыларға толық және жан-жақты ақпарат берілді. Аталған іс-шара аудан орталығанан шалғай орналасқан елді мекен тұрғындарының туындап жүрген сұрақтарға жауаптар алуына, мемлекеттік билікке деген сенімдерін арттыруға мүмкіндік берді.