Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру барысы туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру барысы туралы

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізу шеңберінде Ұлттық Банктің Басқармасы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 7 ақпандағы № 26 қаулыны қабылдады.

Көрсетілген № 26 қаулымен:

  • төмендегі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қағаз нысаны жойылды және тек электрондық нысанға ауыстырылды:
    • микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу;
    • банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру;
    • Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру;
    • шет мемлекеттің аумағындағы Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға рұқсат беру;
    • ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру;
    • ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру;
    • уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;
  • мынадай мемлекеттік қызметтердің көрсету мерзімдері қысқартылды:
    • жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу;
    • мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу;
    • инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу;
    • акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту;
    • банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде ұсынылатын құжаттардың тізбесі қысқартылды:
    • қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру;
    • мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу;
    • инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу;
    • банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру;
    • ислам банктері жүзеге асыратын банктік және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензияны беру;
    • банктерге банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру;
    • бағалы қағаздар нарығында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;
    • уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру.

2019 жылғы 25 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 19 қарашадағы № 288 қаулысы күшіне енді, оған сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «электрондық үкіметтің» порталында, оның ішінде сұрату жіберілгеннен кейін «M-Gov» мобильді азаматтардың базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефонының нөміріне келетін бір реттік sms-парольді қолданумен қолжетімді болады.

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz порталында қолжетімді болып табылады.

 

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мынадай телефон бойынша алуына болады:

+7(727)2704 585 e-mail: press@nationalbank.kz www.nationalbank.kz