Директор лауазымына орналасуға конкурс

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жасыл-Жуалы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысының бос тұрған лауазымына 1(бірлік) конкурс жариялайды.

                                                                                                        

            Кәсіпорынның атауы: «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жасыл-Жуалы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

Орналасқан жері: 080300. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі 20 үй. Байланыс телефоны +7(72635) 2-02-28.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты коммуналдық және тұрғын – үй шаруашылығы саласында шаруашылық қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.

1) Табиғатты пайдаланудың және орман өсірудің шектеулі режимі бар орман саябақтарын, жасыл және қорғаныш аймақтарын күтіп ұстау және құру;

2) Мемлекеттік автомобиль жолдарын күтіп ұстау;

3) Коммуналдық қалдықтарды көму және полигонды  күтіп ұстау;

4) Спорттық сауықтыру нысандарын, саябақтарды, мәдени демалыс орындарын құру және пайдалану;

Кәсіпорын директорының лауазымдық жалақысы жеке еңбек шартында белгіленеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық, инженер мамандықтар тобы  бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және де кәсіпорынның бейініне сәйкес салада басшы лауазымдарында кемінде  5 жыл жұмыс өтілі болу керек.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бюджет кодексін, Еңбек кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», аталған лауазымға сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының осы кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын білу.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2015 жылғы 2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын бекіту туралы» №70 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында, Жуалы ауданы әкімдігінің http://zhualy.zhambyl.gov.kz/kk/) ресми сайтында  жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде мына мекен-жайға: Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі №20 үй, Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне өткізуі тиіс. Анықтама телефоны: 872635/2-03-96/

Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі.

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы  анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы  жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурстың өтетін орны:  Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі №20 үйдің 1 қабатында №37 кабинетінде өткізіледі.

Конкурсқа жіберілген үміткерлер Қазақстан Республикасының Үкіметімен  белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.

 

 

 

 

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын-

 үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің конкурстық комиссиясы «Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны директорының қызметтік бос тұрған лауазымына 1(бірлік) конкурс жариялайды.

                                                                                   

         Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің конкурстық комиссиясы «Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.

Орналасқан жері: 080300. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі 14 үй.Телефон +7(72635) 2-11-23.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: Аудан тұрғындарына мәдениет бағытындағы қызмет көрсету. Мәдениет, тәрбие, салауатты өмір салтын қалыптастыру және басқа да рухани сұраныстарын жоғары деңгейде толық қанағаттандыру. Аудан тұрғындары арасында мәдени, рухани тәрбиелік мәні бар іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру.

Кәсіпорын директорының лауазымдық жалақысы жеке еңбек шартында белгіленеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  «Өнер» немесе  «гуманитарлық ғылымдар» немесе «қызмет көрсету» мамандықтар тобы  бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы  бойынша  басшылық  лауазымдарда  5 жылдан кем емес  жұмыс өтілінің болуы.      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бюджет кодексін, Еңбек кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мәдениет туралы» Заңдарын, аталған лауазымға сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының осы кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын білу.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2015 жылғы 2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын бекіту туралы» №70 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында, Байзақ ауданы әкімдігінің (http://zhualy.zhambyl.gov.kz/kk/) ресми сайтында  жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде мына мекенжайға: Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі №14 үй, Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне өткізуі тиіс. Анықтама телефоны: 2-11-23

Мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі.

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы  анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы  жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурстың өтетін орны:  Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі №14 үйдің 1 қабатында өткізіледі.

Конкурсқа жіберілген үміткерлер Қазақстан Республикасының Үкіметімен  белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.