«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-2019» байқауы «Мерейлі отбасы-2019» Ұлттық конкурсының аудандық (қалалық) іріктеуіне өтініштер қабылдау басталды

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-2019″ байқауы «Мерейлі отбасы-2019» Ұлттық конкурсының аудандық (қалалық) іріктеуіне өтініштер қабылдау басталды


Конкурстың ұйымдастырушылары аудан, қала әкімдіктері.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер Қазақстан Республикасы Үкіметтің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген қағидаларына сәйкес аудан (қала) әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдеріне конкурстың басталуы туралы жария хабарландыру күнінен бастап бір ай ішінде беріледі.
Конкурсқа қатысуға өтінім мынадай құжаттармен бірге беріледі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі – бар болса;
5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері. Конкурстың облыстық турына қатысушыларды іріктеуді ауданның (қаланың) әкімі басқаратын конкурстық комиссия жүзеге асырады.
Толық ақпаратты аудан (қала) әкімдігінің ішкі саясат бөлімдерінен, аудан (қала) әкімдігінің ресми сайтынан және ресми парақшалардан алуға болады.
Анықтама телефондары:
8 (72635) 2-13-32
Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі.