ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» Жолдауының орындалуын ақпараттандыру мақсатында аудан әкімі Н.Ергебеков Бауыржан Момышұлы мемориалды мұражайында Қайрат ауылының тұрғындарымен кездесті.

  Н.Ергебеков Жолдаудағы 11 бағытқа қысқаша тоқталып, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.Ақпараттық  топ жетекшісі ретінде Нарбай Әбілқасымұлы аудандағы атқарылған және жоспарлы жұмыстарға да тоқталды.
   Жалпы аудан әкімінің №399 Қаулысына сәйкес 7 ақпараттық топ құрылып, 17 елдімекенде тұрғындармен кездесу өткізілді. Топ құрамдарына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, зиялы қауым өкілдері енгізілді.  Кездесу барысында түскен сауалдар мен өтініштер әр топ жетекшісінің бақылауына алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.