ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы

 

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы

             Мемлекеттік қызмет – бұл белгілі бір мемлекеттік функцияларды, қызмет алушылардың өтініші бойынша жеке жүзеге асыратын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес жеңілдіктерді қамтамасыз ететін нысандардың бірі.

01.07.2019 бастап қолданысқа енгізілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 04.04.2019ж. № 49 «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі –                                 № 49 Қағидалар) қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалы  (бұдан әрі – Филиал) көрсететін мемлекеттік қызмет – «Уәкілетті ұйымдарға берілетін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензия беру», ол электронды түрде көрсетіледі.

Осы мемлекеттік қызметті алу үшін «электрондық үкіметтің» веб-порталында (www.egov.kz) тіркеліп, «электрондық лицензиялау» бөліміне (www.elicense.kz) өту қажет. Мемлекеттік қызметтерді алудың маңызды шарты – жарамды электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) болуы.

№ 49 Қағидалардың 4-1 қосымшасына сәйкес лицензия мен оған қосымшаны беру мерзімі  20 жұмыс күнін құрайды.

Сәйкесінше, «Уәкілетті ұйымдарға берілетін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензия беру» мемлекеттік қызметі: лицензия мен оған қосымшаны 20 жұмыс күні ішінде, қолданыстағы лицензияға қосымшаны беруді және лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта ресімдеуді 10 жұмыс күні ішінде, лицензиялардың телнұсқаларын «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде беруді көздейді. Осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі № 49 Қағидалардың 4-1 қосымшасында және № 49 Қағидалардың 12, 13-тармақтарында айқындалған.

Құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған жағдайда, қызметті алушыға өтініш берген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетіле алмайтыны туралы ескертіледі. Сонымен қатар, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңның 12-бабының 6-тармағында көрсетілген жағдайлар бас тартуға негіз бола алады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері бойынша филиал лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді, қайта ресімдейді, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын береді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды ұсынады. Бұл қызмет заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Қызметтің осы түрімен айналысу құқығына лицензия бергені және лицензияның телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алым 40 айлық есептік көрсеткішті (АЕК), лицензияны қайта ресімдеу үшін алым лицензия берген кездегі ставканың 10 пайызын құрайды.

№ 49 Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелері электронды түрде ұсынылады. Бұл дегеніміз, көрсетілетін қызметті алушыға жауап «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы жеке кабинетке Филиал басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат түрінде жіберілетін болады.

Электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы толығырақ ақпарат www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында, «Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімінде, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында «Бизнес» бөлімінің «Лицензиялау және аккредиттеу» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

 

 

 

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының

Валюталық операцияларды бақылау

бөлімінің бас маман-экономисі

Налибаева Лаура