ҚР заңнамасындағы онлайн-сақтандыру жөніндегі өзгерістер

 

 

ҚР заңнамасындағы онлайн-сақтандыру жөніндегі өзгерістер

 

Нарықтық экономика мен өзара байланыстардың  қарқынды дамуы және өзгерістер  жағдайында  жаңа жобалар туындайды.

Заңнамадағы осы жаңалықтар қызмет алушылар үшін қолайлы жағдай жасауға тиімді құрал болып табылады.

Бүгінгі күні сақтандыру саласындағы жетістіктер мен жаңалықтар міндетті сақтандыру шарттары бойынша қағаз полистерді түпкілікті жойды.

Сонымен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 166-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен онлайн-сақтандыруға және электронды нысандағы сақтандыру полисінің заңдылығын бекітуге қатысты заңнамалық түзетулер енгізілді.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру ұйымының клиенттері сақтандыру шарттарын интернет-ресурстарды пайдалана отырып жасауға және сақтандыру полисін электронды нысанда ресімдеуге құқығы бар.

Шарттың электронды нысанын жасау мүмкіндігі міндетті және өз еркімен сақтандырудың барлық түрі бойынша енгізіледі.

Осы өзгертулермен автокөлік иелерінің әкімшілік полицияға сақтандыру полисін ұсыну қажеттілігі алынып тасталды, себебі сақтандыру шартын жасау фактісін растауды сақтандыру бойынша бірыңғай деректер базасына сұрау жолдау арқылы қолжетімді.

Одан басқа, онлайн-сақтандыру халық үшін де және бизнес үшін де сақтандыру бағасын арзандатуға мүмкіндік береді.

Шарттарды кеңсеге бармай-ақ немесе делдалдарды  қатыстырмай-ақ  сақтандыру компанияларының интернет-ресурсы арқылы тікелей жасау, қызметті алушыларға сақтандыру төлемдерін жеделдету және бұрынғыдан да жылдамырақ алу мәселесінде оң әсер етеді.

Сақтандыру қызметін ұсынушы тарап пен тұтынушылар арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі дамуына және жақсаруына, жылдамдығына, ашықтығына, қолжетімділігіне бағытталған   қабылданған өзгертулердің уақыттылығы мен мақсаттылығы туралы  нық сеніммен айтуға болады.

 

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының

жетекші маман-заң кеңесшісі

Несіпбаев Нұрғиса