«Мерейлі отбасы-2019» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

«Мерейлі отбасы-2019» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында «Мерейлі отбасы» аудандық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқау нәтижесінде жүлделі І орынды көпбалалы Абдраимовтар жанұясы иеленді. А л, ІІ орын спортсүйер, көпұлтты, жас отбасы Шыңғазы әулетіне бұйырды. Сайыстың үшінші тұғырын «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша Тараз қаласынан қоныс аударған жас Баймұрзаевтар отбасы және өнерсүйер Маймақовтар жанұясы өзара бөлісті. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.