Жемқорлық – індет, жою – міндет

Жемқорлық – індет, жою – міндет

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия іске асырылуда

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа сатысы жəне ең алдымен, мемлекеттің жəне қоғам өмірінің түрлі салаларында осы қауіптің пайда болуы себеп-салдарының алдын алу бойынша бағдарламалық құжат болып табылады. Аталған Стратегияны жүзеге асыруда 2016 жылы жүргізілген жұмыстар көзделген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»       2015 жылы 18 қарашада қабылданып жəне 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген жаңа Заңда қаралған. Осы заңға сай қызметкерлердің этикалық нормаларды сақтау талаптары, өз қызметінде жеке мүдделер қақтығысына жол бермеу жағы да қаралды. Мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік қасиеттерін арттыру мақсатында Президенттің Жарлығымен Мемлекеттік қызметшілерінің əдеп кодексі жəне Əдеп жөнiндегi уəкiл туралы ереже бекітілді. Əдеп кодексі əр түрлі жағдайлардағы мінез-құлық барысын, яғни жұмыс кезін де əріптестерімен, қарамағындағылармен, басшылықпен қарым-қатынасты орнату, жұмыстан бос уақыттардағы мінез-құлқын анықтайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын-алуды насихаттау мақсатында аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» газетінде тұрақты түрде «Жемқорлықты жүгендеу – заман талабы», «Жемқорлық қауіпті кесел» т.б. тақырыпта 2018 жылдың 6 айында 15 материал жарияланған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нәтижелерін насихаттауда, жергілікті атқарушы органдары мен құқықтық құрылымдар өкілдіктерінің қатысуымен семинар, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіліп бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған

Аудандағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері қатысуымен білім беру мекемелерінде, мемлекеттік мекемелерде, кәсіпорындар мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы                 59 іс-шара атап айтқанда, 23 кездесу, 3 акция, 11 семинар, 4 сауалнама алу және үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдастыруымен аудандағы мемлекеттік мекемелердің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиені мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстелдер жалпы есепті мерзімде, 18 дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып өткізілген.

Есепті мерзімдерде құқықтық оқулар өткізіліп, оған                      мемлекеттік қызметшілер қатысып, өзара пікір алысулар ұйымдастырылған. Құқықтық оқуда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Еңбек кодексі және басқа да заңдарға түсіндірме сабақтары жүргізілген.

Аудан орталығында «Жемқорлық аса қауіпті қылмыс», «Жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырып бойынша 8 бильборд орналастырылған.

Жуалы ауданы әкімі аппаратында сенім телефон нөмірі                       (2-15-00, 2-04-87).

Аудан бойынша жалпы 2018 жылдың 6 айында жеке және заңды тұлғалардан 501 өтініш түскен, оның ішінде 416 жеке тұлғалардан, 85 заңды тұлғалардан. Барлық өтініштерге қолданыстағы заңдардың аясында жауаптар берілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды форматта және мемлекеттіккорпорация арқылы қызметтер алу саны артуда. Электронды түрде қызмет алу арқылы

Аудан әкімі аппаратының ғимаратында азаматтардың арыздары мен шағымдарына арналған жәшік орнатылған. Аудан әкімінің ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа байланысты ақпараттар жарияланған.

Жуалы ауданы әкімдігіне қарасты, барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі туралы тақта орналастырылған. Мемлекеттік қызметкерлер жыл сайын салық деклорацияларын тапсырып тұрады.

Аудан әкімдігінің бөлімдер мен ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлық алдын алу және болдырмау жөнінде шаралар қабылданып, мемлекеттік органдар мен мекемелер басшыларының, мемлекеттік қызметкерлердің қолданыстағы заңнама нормаларын сақтауын және қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындалуы туралы ескертілген. Сонымен қатар, ауылдық округтер мен аудан әкімдігінің бөлімдерде арнайы іс-шара жасалып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинарлар мен дөңгелек үстелдер, тұрғындармен кездесулер өткізіліп тұрады.

 

 

Жуалы ауданы әкімінің аппараты