«Ұстаздар күні»

«Ұстаздар күні»

 

 

Жылдағы дәстүр бойынша қазан айының алғашқы мейрамы – Ұстаздар күні.

Жуалылық ұстаздарға арналған салтанатты жиын сән-салтанатымен ұйымдастырылды. Шараны аудан әкімі Нарбай Ергебеков,құттықтау сөзімен ашып,ұстаздарға шығармашылық табыстар тілеп, үздік ұстаздарды марапаттады. Ары қарай Мәслихат хатшысы Ерғали Тілеубеков, аудандық білім бөлімінің басшысы Мәжит Айжанов, Жамбыл облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков жылы лебіздерін білдіріп, бірқатар ұстаздарға марапаттар мен салаға сіңірген еңбегіне байланысты төсбелгілер табыстады. Ал, ардагер ұстаздардың атынан ауданның Құрметті азаматы Әбілқасым Ергебеков сөз сөйлеп, жас мамандарға ақ жол тілеп, аталық ақ батасын берді.

Мерекелік кеш арнайы дайындалған концертпен жалғасын тауып, ұстаздар жайында әндер шырқалып, үйлесімді қойылымдар ұсынылды.