Жолда жүру ережесіне арналды.

Жолда жүру ережесіне арналды.

 

Қарасаз ауылындағы №6 А.Пушкин атындағы орта мектепте аудан әкімдігі білім бөлімі қызметкерлерінің бірлесіп ұйымдастыруымен және мектептің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Жолда жүру ережесін білейік, аман-есен жүрейік!» тақырыбында ауқымды іс-шара өтті.

Қазіргі таңда ауылдық жерлерде де, қалаларда да жүйткіген көліктердің қарасы көбейіп келеді. Мұның өзі көлік жүргізушілер мен жолаушылардың, әсіресе, мектеп оқушыларының жол ережелерін неғұрлым жетік біліп, сонымен бірге қатаң сақтауын талап етіп отыр. Осы ретте №6 А.Пушкин мектебінде көше тәртібін сақтау мақсатында бейнеролик пен сахналық көріністер қойып, жол белгілеріне байланысты әртүрлі жағдаяттарды шешіп, би билеп, өлең айтылған тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті.

Алдағы уақытта әрбір білім шаңырағында осындай шаралар көптеп өткізілсе, жас ұрпақ  қауіп-қатерден сақ болар еді.