Жуалы аудан аумағында орналасқан ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің Жамбыл облыстық департаментіне қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы шекара бөлімшесінде Батыр бюстінің ашылуы салтанаты болды.

Шекара бөлімшесінің жеке құрамы әскери плацқа мерекелік сапқа тұрғызылды. Бөлімше бастығы Асқар Байдәулетовтің ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің Жамбыл облыстық департаментінің басқарма бастығы, полковник Қанатбек Тыныбековке жеке құрамның дайындығы туралы баянатынан кейін Мемлекеттік әнұран шырқалды.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев, Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің Жамбыл облыстық департаментінің басқарма бастығы, полковник Қанатбек Тыныбеков шекарашылар мен жиылған жұртшылықты осынау маңызы терең қуанышты оқиғамен құттықтай отырып, ізгі лебіздерін білдірді.
Батыр бюстінің лентасын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Естемес Аманбеков кесті. Ардагерлер Батыр бюстіне гүл шоқтарын қойды.