Жетінші шақырылымның Жуалы аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы ХАБАР

 Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2021 жылғы 12 қаңтардағы

№1 қаулысына қосымша

 

 

 

Жетінші шақырылымның Жуалы аудандық мәслихаты

депутаттарының  кезекті сайлауының қорытындылары туралы

ХАБАР

 

2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Жуалы аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 32098 азамат енгізіліп, оның ішінде 23979 адам немесе 74,7, пайызы сайлауға қатысты.

Дауыс беруге 23607 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 33 сайлаушы, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 315 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 5 Саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:

Қазақстан Халық партиясы – 3758 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 16,2 пайызы;

«Nur Otan» партиясына – 18522 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 79,8 пайызы;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясына – 576 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,5 пайызы;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына – 186 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,8 пайызы;

«ADAL» саяси партиясына – 155 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,7 пайызы.

  1. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар төмендегіше белгіленді:
  • «Nur Otan» партиясы – 79,8%;
  • Қазақстан Халық партиясы -16,2%.

Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлуі белгіленді:

  • «Nur Otan» партиясы – 11;
  • Қазақстан Халық партиясы -2.

 

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы