Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды

 

2020 жылғы 30 қарашада Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 103 және 104-бабтарына сәйкес «ADAL» Саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалынан Жуалы аудандық мәслихаты депутаттарын сайлауға кандидаттарды ұсыну туралы құжаттары ұсынылды:

  • Саяси партия өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат;
  • «ADAL» Саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалынан жоғары басшы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
  • Электрондық және қағаз жеткізгіштердегі партиялық тізім;
  • Саяси партияның өкілетті органда тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
  • Азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші және өмірбаяндық деректері;
  • Партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың жеке куәліктерінің көшірмелері;
  • Уәкілетті адам қол қойған және саяси партияның мөрімен расталған саяси партияға мүшелігін растайтын құжаттар.

Саяси партияның өкіліне  партиялық тізімді тіркеу үшін тағы да ұсынылатыны ескертілді:

  • Ү.ж. 1 қарашадағы жағдайға кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;
  • Саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (төлем тапсырмасының көшірмесі).

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы тізімдерге енгізілген Жуалы аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың ҚР Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұрау салу негізінде анықтайды.

ҚР мәслихаттары  депутаттарын сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы партиялық тізімдерді ұсынуды ағымдағы жылдың 10 қарашасы мен 4 желтоқсаны аралығында (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырады. Партиялық тізімдерді тіркеу ағымдағы жылғы 10 қарашада басталып, 10 желтоқсанда сағат 18.00-де аяқталады.